
Сурет: istockphoto.com
Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралып жатыр.
Түзетулердің негізгі мақсаты — бизнесті сауықтыру және дәрменсіз деп тану рәсімдерін барынша ашық ету, олардың өткізу мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ әдейі банкроттық пен теріс пайдалану фактілерін азайту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
* Жалған рәсімдерді шектеу: егер борышкердің салық органдарынан басқа кредиторы (кредиторлары) болмаса, оңалтуды бастауға тыйым салынады;
* Мүлікті сатуды оңтайландыру: банкроттың активтерін тікелей сатуды жүзеге асыру кезінде кредиторлар жиналысының өкілеттігі нақты регламенттеледі;
* Процестердің созылуынан қорғау: алдыңғы сот бас тартуын алған жағдайда банкроттық туралы өтінішті қайта беру, кредиторлармен келісу болған кезде банкроттық рәсімін аяқтау үшін қатаң мерзімдер белгіленеді;
* Цифрлық арналарды кеңейту: отырыстар мен комитеттердің өткізілуі туралы кредиторларды жедел хабардар етудің жаңа тәсілдері енгізіледі;
* Әкімшілердің мәртебесін арттыру: азаматтыққа қойылатын талаптар нақтыланады, банкроттықты басқарушының өкілеттіктері кеңейтіледі және дәлелді себеп болған кезде міндеттерден мерзімінен бұрын бас тарту тетігі енгізіледі.
Заң жобасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ұмтылған борышкерлер мен өздерінің қаржылық мүдделерін қорғайтын кредиторлардың құқықтарын теңгерімдеуге бағытталған. Жаңашылдықтар Қазақстанның қаржы нарығын цифрландырудың жалпы стратегиясымен үйлестірілген.