17.03.2021, 10:59
Оқылды: 244

Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын талқылайды

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылайды, деп жазады ҚазАқпарат.

66FB2C53-52CE-4BAF-9078-1CC6ED5DE939

«Заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу», - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев палатаның жалпы отырысында. Осы орайда депутат Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті. Еске сала кетейік, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдағанын айтқан еді. «Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале