20.02.2023, 22:57
Оқылды: 111

«Мәжіліске – заңгер!»

Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында заңгер, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Абзал Құспанмен кездесу өтті.

331974975_1395375261287160_4058834832352555801_n

331960072_1646200075808481_1465260327889702629_n

Ең әуелі экраннан кәсіби заңгердің өміріне, еңбек жолына қатысты бейнебаян көрсетілді. Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла Абзал Темірғалиұлының бүгінге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, оның қолынан іс келетін азамат екенін жеткізді. Өз кезегінде мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы БҚО филиалының төрағасы, еңбек ардагері Айдар Батырханов заңгердің алдағы уақытта жүзеге асыратын жоба-жоспарларына сәттілік тіледі.

331974428_6032437020149156_7966246073190780429_n

331963905_3434762210116525_8661235277435684259_n

331970951_5859177317493587_1127129286286790964_n

Ақын, «Парасат» орденінің иегері Дариға Мұштанова, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүтиев, ақын, актер Қуаныш Амандық, кәсіпкер Тұрарбек Тілемісов және кездесудің басқа да қонақтары өз ойларын ортаға салып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық хәл-ахуалын жақсарту бағытындағы мәселелерді талқылады. Оған қоса заң шығарушы құрылымда заңгердің қызмет етуі тиіс екенін айтты.

332009790_1011129793607449_3295404642846483742_n

331970954_599781274835471_3639931767799250132_n

331981448_927868734881720_7774179455637201558_n

Кездесу барысында Абзал Құспан қолданыстағы заңнамаларды жетілдіріп, әділетсіз сот актілерін қайта қарау керектігін және Парламенттің құзыретін арттырып, ел ішіндегі экологиялық ахуалды оңалту қажет екенін тілге тиек етті.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале