9.03.2022, 18:00
Оқылды: 0

Мәжілісте көктемгі дала жұмыстарына байланысты шаруалардың мәселесі көтерілді

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар көктемгі дала жұмыстарына байланысты шаруалар қандай қиындықтарға тап болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210610115333409e

«Бұл күндері оңтүстік өңірлерде көктемгі дала жұмыстары басталды. Біз Мәжіліс депутаттары күні кеше өңірлерге барғанда, шаруалар көктемгі дала жұмыстары кезінде мемлекеттік қолдау шараларының жоқтығын айтып шағымданды. Өңірлерді аралау кезінде Мемлекет басшысының атап өткен мәселелердің шешілу барысы ойдағыдай болмай отырғанына көз жеткіздік. Бұл бірінші кезекте Ауыл шаруашылығы министрлігінің дәрменсіздігі мен әрекетсіздігіне тікелей қатысты болып отыр. Ауылдағы қалыптасып отырған осы жағдайдан ауыл шаруашылығы министрлігі мүлде бейхабар сияқты әсер қалдырады», - деді Қ.Абасов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, өңірлерде шаруалардың көтерген мәселелері мынадай болып отыр:

жеңілдетілген жанар-жағармайдың жетіспеушілігі және бағасының қымбаттылығы;

минералды тыңайтқыштардың және қосалқы жабдықтардың былтырғы жылмен салыстырғанда екі-үш есеге қымбаттауы; егіс тұқымының жоқтығы;

«Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру әлі күнге дейін басталған жоқ;

министрліктің субсидия бағдарламалары бойынша тұрақты ұстанымы жоқ; ағын судың тапшылығы.

«Бұл жағдай ауыл еңбеккерлерін қатты алаңдатуда. Осы орайда өткен жылы қуаңшылықтың зардабынан әлі айықпаған диқандарға «жығылғанға жұдырық болып отыр». Бұл зәру мәселелер ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге және сәйкесінше шаруалардың табысына, ауыл тұрғындарының жағдайына кері әсер ететінін ескеруіміз керек», - деді депутат.

Осы орайда ол жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін келесі іс-шараларды шұғыл қолға алу қажет деп санайды:

- Біріншіден, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды шешу.

- Екіншіден, «Кең дала» бағдарламасы аясында минералдық тыңайтқыштардың, қосалқы жабдықтардың, егіс тұқымдарының бағасының қымбаттауына байлынсты қаржы көлемін ұлғайтып, қамтамасыз ету.

- Үшіншден, арзандатылған бағамен берілетін жанар-жағармаймен толыққанды қамтамасыз ету.

- Төртіншіден, субсидиялау тәсілдерін тұрақтандыру қажет.

«Бесіншіден, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілген қолдаудың дер кезінде орындалуында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапкершілігін қатаң сұрау қажет деп есептейміз», - деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале