21.06.2017, 18:51
Оқылды: 31

Медиация бойынша бірігіп жұмыстанбақ

90701d02ae3da0e5a21abbd900c25748_XLСәрсенбі күні облыс әкімдігінің кіші залында Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ұйымдастырумен жиын өтті. Бұған жергілікті Ассамблея мүшелерінен басқа облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және облыстық білім беру басқармасының басшылығы, сондай-ақ,   «100 жаңа есім» бойынша арнайы құрылған комиссия мүшелері қатысты.


Жиында екі мәселе қаралды. Бірі - «100 жаңа есім» бойынша комиссия мүшелерінің ұсынысын талқылау, екіншісі - меморандумға қол қою мәселесі. Жиынды Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық филиалы жанындағы «Қоғамдық келісім» ММ төрағасы Нәжімеден Есқалиев ашып, «Қазақстанның 100 жаңа есім» бойынша жұртшылық пікірін ортаға салды. Төрағаның сөзінше, бұған дейін комиссия мүшелері «100 жаңа есімге» лайықты тұлға ретінде 140 адамның есімдері ұсынылған.

Бұдан соң меморандумға қол қою рәсімі жүзеге асырылды. Нақтырақ айтсақ, шара барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық филиалы мен облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және облыстық білім беру басқармасының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш шара өңірімізде медиацияны дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

- Медиацияны болашақта Ішкі істер департаментінде, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларында ұзақ мерзімді пайдалану дау-жанжал деңгейін төмендетуге және өзара түсіністікке алып келеді. Елбасы медиацияның тиімділігін айтып, мұны елімізге кеңінен таратуға тапсырма берді. Біз сол тапсырма бойынша біраз жұмыстанып, нәтижесінде медиация бойынша бірігіп, іс-қимыл жасауға келістік. Міне, бүгін медиацияны өз салалары бойынша кеңінен пайдалану бойынша жоғарыда айтылған мекеме басшылары қол қойды. Енді алдағы уақытта осы бағытта жасалған жоспар бойынша бірігіп жұмыстанатын боламыз, -деді өз сөзінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық филиалының басшысы Ғайса Қапақов.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале