21.05.2021, 17:45
Оқылды: 464

Мектеп бітірушілерге аттестат табыстау рәсімі “Тәуелсіздік ұландары” тақырыбында өтеді

Мектеп бітірушілерге аттестат табыстау рәсімі 14 маусымда “Тәуелсіздік ұландары” тақырыбында өтеді.

аттт

Салтанатты іс-шара түлектерге аттестаттар тапсыру болып табылады және ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы қарастырылады.

Бітірушілерге аттестатты тапсыра отырып, әр сыныпта жеке сынып сағаттары форматында, мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Міндетті түрде бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтығын сақтау кешенді қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады.

- Бүгінгі эфирді пайдалана отырып, мектеп мектеп бітірушілерге аттестау табыстау рәсімінде іс-шараларды өткізуде анниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, автомобильдерді прокатқа тарта отырып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынатынын ескертеміз, - дейді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева.

Сонымен қатар, білім басқармасының бұйрығымен білім мекемелерінде ата-аналардан түрлі іс-шараларға ақша жинауға, сыйлықтар алуға және т. б. шараларды ұйымдастыруға жол берілмейді.

 

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале