19.08.2022, 16:45
Оқылды: 280

Мектеп директорларының жалақысын көтеру мәселесі шешіледі – министр

Мектеп пен колледждерде директорлардың тапшылығы байқалып отыр. Бұл туралы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

«Мектеп пен колледжге, балабақшаларға керек білікті директорлардың тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі кезде біраз бос орын толтырылмай тұр. Әрине, мұғалімнің еңбегі мен біліктілігі өте маңызды. Бірақ барлық мәселені шешкенімен, білікті әрі білімді директор болмаса, онда басқа жасалып жатқан жұмыстар тиісті нәтижесін бермейтіні анық. Директорлардың жалақысы мұғалімдермен салыстырғанда аз екені белгілі», - деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда министр директорларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін еске салды.

«Оларға түрлі айыппұлдар салып кетеді. Ата-аналармен және мұғалімдермен жұмыс істеу керек. Алайда директорлардың алатын жалақысы өте төмен. Сондықтан осы бағытта жаңа оқу жылында бұл мәселені шешу тұрғысында тиісті жұмыстарды атқарамыз», - деді ведомство басшысы.

Ротация тетігі ары қарай жалғасатынына тоқталған А. Аймағамбетов: «Қазір 400-ден астам директор жаңа оқу орындарына барып, жұмысын жалғастырып жатыр. Осы әріптестерімізге үлкен алғысымды айтқым келеді», - деді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале