5.01.2023, 15:30
Оқылды: 215

Мектепке ақынның мүсіні қойылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің үшінші қарашадағы №869 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы №47 мектепке Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің есімі берілген болатын. Бүгін аталмыш мектепте ақын бейнесінің барельефі ашылды.

10

Шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла, Қадыр Мырза Әлі атындағы қор төрағасы Донеділ Қажымов,  журналист Қазбек Құттымұратұлы,  ардагер ұстаз Үзілдік Елубайқызы және мектеп ұжымы,  қала тұрғындары қатысты.

6

Ақын бейнесінің мүсінін Мирболат Нұржанов және Бауыржан Халиолла ашты.

9

- Бүгін – ерекше күн. Өткен жылы облыстық ономастикалық коммиссия ұсыныс беріп, Үкіметтің қаулысы шықты. №47 мектепке жерлесіміз, ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің есімі берілді. Дәл қазір ақын бейнесінің барельефі ашылғалы тұр. Баршаңызды құттықтаймын!, - деді қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.

8

Жиында Қазақстан Жазушылар одағының БҚО-дағы филиалының төрағасы  Бауыржан Халиолла ақын есімі берілген мектептерге тоқталды.

- Ұлттың ақыны деген деңгейге жеткен Қадекеңнің бүгін – туған күні. Тірі болса 88 жасқа толар еді. Туған күніне орай ашылып жатқан кеуде мүсіні тарихи сәт. Жалпы Қазақстанда Қадырдың аты берілген бес мектеп бар. Біреуі көзі тірісінде туған жері Жымпитыда ашылса, кейін Астана қаласында лицейге және Binom-нің бір мектебіне,  Бәйтерек ауданының Трекин ауылындағы мектепке есімі берілді. Оның есімі – екінші өмір. Ол ұзақ жалғасады деп ойлаймын. Абай мен Жамбылдың есімі әр аймақта, әр елді мекенде берілген болса, Қадыр ақынның есімі де болашақта сондай деңгейге жетеді деп сенемін, - деді  Бауыржан Халиолла.

2

Салтанатты жиын «Елі сүйген Қадыр ақын» атты мектеп ұжымы ұйымдастырған шараға ұласты.

1

Орал қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, мектепте Қадыр Мырза Әлі атындағы музей жабдықталып, кабинет ашылады.

3

Динара Тілекқызы,

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале