27.06.2022, 14:59
Оқылды: 132

Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізілмейді - министрлік

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде жаңа пән енгізілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220518182035952e

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында «Ортақ түркі тарихы», «Ортақ түркі әдебиеті» және «Түркі әлемінің географиясы» оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.

«Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады» деп мәлім етті министрліктен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале