11.10.2023, 17:45
Оқылды: 75

Мектептердегі балалардың қауіпсіздігі жіті бақылауда болмақ

«AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес хаттамасының 3-тармағындағы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектепке мониторинг жүргізу бойынша ұйымдастыру отырысы өтті.

bee1e554-ee58-4d20-8375-2bb3e785a2ac

Отырысты «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималұлы жүргізіп, оған аудан әкімдерінің орынбасарлары, бала қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік органдар, құқық қорғау, төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, жастар қанаты, партиялық бақылау комиссиясының, партия жанындағы Отбасы, білім кеңестерінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде бірқатар сұрақ қаралды.

Атап айтар болсақ:

- интернаттық мекемелерде, лагерьлерде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспарлардың орындалуы;

- күрделі жөндеуді қажет ететін интернаттар мен соңғы 3 жылға жоспарланған жөндеу;

- жеке басқаруға берілген мемлекеттік лагерьлер;

- облыс мектептерінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- облыс мектептерінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін мониторинг жасау өзекті мәселелер қарастырылды.

Бірінші сұрақ бойынша сөз кезегі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Тулегеноваға берілді. Басқарма басшысының айтуынша, осы жылдың қазан айына дейін 495 бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған екен. Жалпы облыс бойынша мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық үлгідегі бір орталық, жартылай стационарлық үлгідегі бес орталық (соның ішінде 3 ҮЕҰ), үйден әлеуметтік емес қызмет көрсететін 19 бөлімше жұмыс жасайды. Альмира Мұхитқызының мәлімдеуінше, барлық орталықта тиісінше қызмет көрсетілуде және қажетті мамандармен толықтай дерлік қамтылған. Орталықтардың жұмысын жүйелі түрде қадағаланып отыратындығын да жеткізді.

Күн тәртібінде бірнеше мәселеге облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жауап берді. Қазіргі таңда мектеп жасындағы, тіпті балабақшадағы балалардың өмірі қоғамда ең маңызды мәселе болып отыр. Сол себептен балаларымыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, алдын алу шараларын жасап жатырғандығы туралы тоқталып өтті.

Басқарма басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, білім беру мекемелері террористік тұрғыдан осал нысандарға жатады.

- Барлық мектеп 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 193 ескерту жүйесі орнатылды. 148 мектеп Орталық жедел басқаруға қосылды. 153 мектепте дабыл түймелері орнатылды. 74 мектепте турникеттер, 80 мектепте лицензияланған күзет агенттіктері жұмыс істейді, - деді Мыңбаева.

Өңірлік кеңес төрағасы Азима Губашеваның айтуынша, барлық 360 мектепте меншік нысанына қарамастан мониторинг жүргізу жоспарланып отыр.

- Мониторинг барысында баспалдақтарды, олардың айналасындағы қоршауларды, баспалдақ аралықтарын, мектеп жанындағы аумақтарда ашық люктердің болмауын, жол белгілері мен камералардың, ескерту жүйелерінің, күзет агенттіктерінің сапасын тексеруді жоспарлап отырмыз. Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерін, қамқоршылық кеңестердің төрағаларын, сондай — ақ облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын шақырамыз, - деді Азима Губашева.

Сондай-ақ мониторинг жұмысы қаладан емес, шалғай ауылдарда орналасқан мектептерден басталып, ірі аудандарға Ақжайық, Казталов, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарына екі мониторингтік топтан құру сынды ұсыныстарын айтып, барша жиынға қатысушы мониторинг жүргізу шараларында белсенділік көрсетіп, бірлесіп нәтижеге қол жеткізуге шақырды.

«AMANAT» партиясы БҚОФ

баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале