Карина Ибрагимова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері
26 Наурыз 2023

Карина Ибрагимова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Сенбілік басталды
25 Наурыз 2023

Сенбілік басталды

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Мектепті уайымдап отырғанымызда, ауыл да суға кетті

28 наурызда Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округіне қарасты  Шалғын негізгі мектебінің бір бөлігі суға кетті. Оқиғаның мән-жайын білмек мақсатта мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Кұлбатыровқа хабарластық.

63950b42-ace2-4206-98a9-48a81c472142

 –Мектеп-жалғамалы үш шағын  ғимараттан тұрады. Бірінші ғимарат  1964, екінші ғимарат  1988 жылы бой көтерген. Ал үшінші ғимаратты 2007-2008 жылдары ауыл адамдары тас соғып, өз күшімен жалғап салған. Сол үшінші ғимарат суға кетті. Бұл жердегі  бес кабинет жарамсыз болып қалды. Кітапханадағы кітаптар, құжаттар, спортзалдағы құралдар бүлінді.  Бүгінгі сабақты бұйрық бойынша сенбі күніне ауыстырдық. Қазіргі уақытта мектепті тазалау жұмыстары жүріп жатыр, - дейді бізбен телефон арқылы тілдескен Мұрат Әнуарбекұлы.

cfe68701-db77-4dab-a33f-2d85a07c8fda

Алақандай  ауылдың ыдырамауына сеп болған мектептің бүгінгі жай-күйіне ауыл тұрғындары алаңдаулы. Қазіргі күнде білім ошағында 37 оқушы, мектеп жанындағы шағын орталықта он бүлдіршін тәрбиеленуде. Бала саны аз болғандықтан, мектеп алды даярлық тобындағы екі оқушыны да шағын орталыққа қосып қойған.  Ауыл тұрғындары өз техникаларын іске қосып, мектептің  жан-жағын биіктету үшін құм төгіп, барын салуда. 1 сәуір балалар мектепке келіп, білім алуды жалғастырмақ. Шағын білім ошағының оқушылары аудандық, облыстық байқауларға белсене қатысады екен. Биылғы оқу жылының ішінде 17 оқушы түрлі аудандық жарыстардан жеңімпаз атанып, облыстан жүлдемен оралған.

e12ce86b-224e-4332-95dd-0c610468f2db

Қаратөбе ауданының әкімі  Қадыржан Сүйеуғалиев Шалғын ауылында 60 орындық модульдық мектеп құрылысыныңкелсі жылға жоспарланғанын жеткізді.

Бет қатталып жатқанда тек мектеп қана емес, Шалғын ауылының да суға кеткені туралы хабар тарай бастады.Облыстық Төтенше жағдай департаменті баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, ауыл жанынан өтетін Шилі өзені тасып, елді мекендегі 25 үйге су кірген. Ауылдағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мәдениет үйіне көшірілді. 31 наурыз күні кешкілік БҚО ТЖД бастығының орынбасары полковник А. Токановтың бастауымен Қаратөбе ауданына авариялық-құтқару, эвакуациялық және шұғыл жұмыстар үшін күштер мен құралдардың жиынтығы жолға шықты. 1 сәуір күні облыс әкімі Ғали Есқалиев және  облыстық ТЖД  бастығы, полковник Ернұр Өтегенов бастаған топ Шыңғырлау және Қаратөбе аудандары бойынша еріген қар суынан туындаған жағдайды барлау мақсатында тікұшақпен қауіпті аумақтарды аралады. Төтеншеліктердің айтуынша, Шалғын ауылы қатаң бақылауда.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале