31.03.2022, 12:20
Оқылды: 154

Мектептің бір бөлігі суға кетті

28 наурызда Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округіне қарасты Шалғын негізгі мектебінің бір бөлігі суға кетті. Оқиғаның мән-жайын білмек ниетпен мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Кулбатыровқа хабарластық.

WhatsApp Image 2022-03-31 at 12.01.59

–Мектеп-жалғамалы үш шағын  ғимараттан тұрады. Бірінші ғимарат - 1964, екінші ғимарат  – 1988 жылы бой көтерген. Ал үшінші ғимаратты 2007-2008 жылдары ауыл адамдары тас соғып, өз күшімен жалғап салған. Сол үшінші ғимарат суға кетті.  Бұл жердегі  бес кабинет  жарамсыз болып қалды. Кітапханадағы кітаптар, құжаттар, спортзалдағы құралдар бүлінді.  Бүгінгі сабақты бұйрық бойынша сенбі күніне ауыстырдық. Қазіргі уақытта мектепті тазалау жұмыстары жүріп жатыр,- дейді бізбен телефон арқылы тілдескен Мұрат Әнуарбекұлы.

WhatsApp Image 2022-03-31 at 12.02.00 (1)

Алақандай ауылды таратпай ұстап тұрған мектептің бүгінгі жай-күйіне ауыл тұрғындары алаңдаулы. Қазіргі күнде білім ошағында 37 оқушы, мектеп жанындағы шағын орталықта он бүлдіршін тәрбиеленуде. Бала саны аз болғандықтан мектеп алды даярлық тобындағы екі оқушыны да шағын орталыққа қосып қойған. Ауыл тұрғындары өз техникаларын іске қосып, құм төгіп мектептің жан-жағын биіктетіп барын салуда. 1 сәуір балалар мектепке келіп, білім алуды жалғастырмақ. Шағын мектептің оқушылары аудандық, облыстық байқауларға белсене қатысады екен. Биылғы оқу жылының ішінде 17 оқушы түрлі аудандық жарыстардан жеңімпаз атанып, облыстан жүлдемен оралған.

WhatsApp Image 2022-03-31 at 12.02.00

Біз «бір жағы үңірейіп қалған ауыл мектебінің  жағдайы енді  не болмақ?»деген сұраққа жауап іздеп, аудандық білім бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиевке бірнеше мәрте телефон шалып, хабарласа алмадық. Алдағы уақытта бұл тақырыпқа қайтадан оралатын боламыз.

WhatsApp Image 2022-03-31 at 12.02.02

WhatsApp Image 2022-03-31 at 12.02.03

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале