28.03.2024, 11:45
Оқылды: 41

Мемлекет балаларды отбасынан тартып ала ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасында балаларды отбасынан тартып алатын норма жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

adult-1807500_960_720

Фото: pixabay.com

Ведомство өкілі атап өткендей, қазіргі таңда Парламентте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы талқыланып жатыр.

- Бұл заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпараттар таратылып жатыр. Ол ақпараттың ешбірі шындыққа сәйкес келмейді, - деп мәлімдеді вице-министр.

Оның сөзінше, қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілістегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерде балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ.

- Мемлекеттік саясат баланы туған отбасында тәрбиелеу құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді, - деп айтты Еділ Оспан.

Министрлік өкілі атап өткендей, осы бағытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар құрылған. Психологиялық және отбасылық қолдау орталықтары жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді.

- Құрметті ата-аналар! Әр түрлі фейктерге сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне серуді сұраймыз, - деп Еділ Оспан ата-аналарға үндеу айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале