9.11.2026, 17:30
Оқылды: 1

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Хун Манетке Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп жазады akorda.kz.

5445193060548549945

Қазақстан Президенті айтулы мереке Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталған.

– Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале