13.09.2026, 14:30
Оқылды: 148

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

InShot_20260913_144909436

Фото: aqorda_resmi

Президент өз үндеуінде отбасы ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт екенін атап өтті.

​Мемлекет басшысы 1 шілде күні заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болатынын еске салды. Сондай-ақ биыл Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылғанын айтып, бала тәрбиесі, Отанға деген сүйіспеншілік және жас буынды тәрбиелеу ісінде отбасының рөлі басты орында тұрғанын жеткізді.

Соңында Президент барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен толайым табыс тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале