![]()
Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бұл – жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылымын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе.
Сонымен қатар Smart City бастамасына айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы компанияның осыған дейін Астанада жүзеге асырған жобасы оң нәтиже көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізгенін жеткізді. Бұл ретте аталған шешімді Алматы қаласына енгізу перспективасы қарастырылды.
Кездесу соңында Президент Smart City жобасын жүзеге асыруға және екіжақты ықпалдастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.