30.06.2026, 17:40
Оқылды: 73

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

5339472036830583097

Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

t.me/aqorda_resmi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале