17.04.2020, 18:19
Оқылды: 76

Мемлекет демеуін қиын шақта сезіндік

   Жаһанға тараған жұқпалы дерт адамзат баласына оңайға соғып жатқан жоқ. Ақпараттар ағыны толассыз ағылған қазіргі заманда одан ел-жұрт толық хабардар. Біздің елімізде де аталмыш дертпен  күрес шаралары ерте қолға алынғанымен, кейбір  түйінді мәселелердің тінін бірден тарқатып алып кету оңай болып жатпаған сыңайлы. Ең бастысы, ел назарынан ешкім сырт қалып жатпағаны қуантады.

5669E385-B2D3-4F7B-9288-FA9128240019

Мемлекет қолдан келген қолдау-көмегін алғашқы күндерден-ақ жүйелі ұйымдастыра білді. Алғашқы кезекте орта және шағын бизнесті қолдауға қолұшын созғанын жақсы білеміз. Күнделікті тыныс-тіршілігіміз осы төңіректе өрбіген соң көп нәрсені көзбен көріп, қолмен ұстап жүргеніміз де жасырын емес. Шүкір, тапқан- таянғанымыз  өз күнкөрісімізге молынан жетіп жататын...

Бір-ақ күнде замана желі өзгеріп шыға келерін кім білген?!  "Басқа түскен баспақшыл"- деген бәріне көндігеді екенсің... Елдегі төтенше жағдай қол-аяғымызды жіпсіз матап, төрт қабырғаға қаратып қойды. Тек сөз қақында айтып жатырмын,  бәрі де "Сақтансаң, сақтармынның" кебі ғой. Бұл, ең алдымен, өзіміз үшін, отбасымыз үшін керек. Қауіпсіздік шараларын көп болып сақтасақ қана біз бұл індетті тез ауыздықтайтынымызға сенемін. Соны түсінейік, ағайын!

Мен өзім біраз жылдан жеке кәсіпкерлікпен айналысып, содан нәпақа тауып келе жатқан жан едім. Жұмысымызды уақытша тоқтатуға тура келгенде абдырап қалғаным рас. Басқасын былай қойғанда, күнделікті ішіп-жемегіміз қалай болады? Осындай қиын-қыстау  кезде мемлекетіміз арнайы бағдарлама әзірлеп, жұмыссыз қалған әлеумет үшін 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді бере бастады. Ал біз сияқты жұмыс берушілерге жұмыссыз қалған  жұмыскерлерінің тізімін беруге де мүмкіндік жасады. Осынау мүмкіндікті қалт жібермей, мен де  сәуір айының басында, яғни екісі күні төлем алу құжаттарын өткізген едім. Сәуірдің сегізі күні тиісті адамдардың банктік шоттарына өздеріне тиесілі қаражаттары келіп түсті. Сондықтан аз күнгі  қиындықтарға абыржудың реті жоқ деп есептеймін. Шуақты сәт шұғыласын шашар күн де қашық емес сияқты.

Лаура Кенжеғалиева

жеке кәсіпкер

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале