24.10.2026, 11:00
Оқылды: 8

Мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді

Ақтөбе қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында мемлекеттік мүдделерге зиян келтірген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы. 

Ақша JP 33

Анықталғандай, тапсырыс берушілер қалалық инфрақұрылымдық жобалар бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған жосықсыз мердігерлерден шарттарды қамтамасыз ету сомасын және аванстық төлемдерді өндіру жөнінде шаралар қабылдамаған.

Сонымен қатар лизингтік компаниямен қаланы абаттандыру үшін арнайы техника сатып алуға арналған шартты орындау шеңберінде 556 миллион теңгеден астам сомаға бюджеттік қаражатты артық төлеуге жол беріліп, кейін ол толығымен бюджетке қайтарылды.

Нәтижелері бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам өндірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында облыс прокуратурасы бюджетке 10,1 млрд теңге өндіріп алуды қамтамасыз етті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале