13.09.2021, 14:25
Оқылды: 100

Мемлекет пайдасына өндірілді

Орал қаласының прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізу нәтижесінде жеке тұлғалардың мемлекет пайдасына 200 млн-ға жуық теңге жеке табыс салығын уақтылы төлемеу фактісін анықтады.   

 24

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу азаматтардың борышы әрі міндеті болып табылады.

2020 жылы Орал қаласы бойынша 345 тұлға жылжымайтын мүлікті 3,7 млрд теңгеге сату нәтижесінде 1,7 млрд теңге пайда тауып, жеке табыс салығын төлемегендігі талдау барысында анықталды.

Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 330-бабының сәйкес, осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне жатады.

Салық төлеушiнiң кірістеріне Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерді қоспағанда, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады (Кодекстің 320-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар, жеке тұлғалармен мұрагерлік негізінде құқық иемденген және жаңа салынған жылжымайтын мүліктерді сату нәтижесіндегі табыстары талданып, мемлекет пайдасына төленбеген салықтар анықталды.

Орал қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына енгізілген Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қазіргі уақытта мемлекет пайдасына 40 млн. теңге шамасында өндірілді. Қалған соммаларды өндіруге бағытталған жұмыстар жалғасуда.

 

Наталья Горохова,

zhaikpress.kz

Фото из сайта 24.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале