7.11.2019, 18:34
Оқылды: 66

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

adep kenesi (7)

Кеңес отырысында мемлекеттік қызметтерге қатысты жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері мен Тасқала ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Айнагүл Керейәулетіне қатысты қозғалған тәртіптік іс материалдары қаралды.

Облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде Тасқала ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Керейәулеті жер қатынастары саласында уәкілетті орган басшысы ретінде шаруашылық субъектілеріне құқыққа сыйымсыз берілген жерлер бойынша келісім шарттарын тоқтату мәселелеріне қатысты сот отырысында мемлекет мүддесін тиісінше деңгейде қорғамау мәселесіне қатысты тәртіптік іс материалы қаралды. Нәтижесінде бөлім басшысының іс әрекетінде бұзушылық белгілері анықталмауына байланысты, әдеп жөніндегі кеңес көпшілік дауыспен тәртіптік істі тоқтату туралы шешімді қабылдады.

adep kenesi (6)

Кеңес отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзудың профилактикасы мәселесі аясында облыстық мемлекеттік құрылымдары көрсететін мемлекеттік қызметтерге қатысты департамент тарапынан жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері қаралды. Аталған мәселені талқылау қорытындысында кеңес тарапынан барлық облыстық мемлекеттік орган басшылары атына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселесіне қатысты дәйекті шаралар алу жөнінде ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ тәртіптік істерін қарау қөзделген Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауенов пен Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегеновтың денсаулығына байланысты кеңес отырысына қатыса алмауына орай олардың тәртіптік мәселелерін қарау кеңес шешімімен келесі отырысқа қалдырылды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале