2.11.2022, 12:15
Оқылды: 62

Мемлекеттік қызметкерлердің ойын бизнесіне қатысуы тексеріліп жатыр

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметшілердің ойын бизнесіне қатысуын тексеру шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_11_02_5

«Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық мінез-құлқына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалады.

Кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік билік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге бармай, этикалық нормаларды сақтауға және ең алдымен халық пен мемлекет мүдделеріне қызмет етуге міндетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале