23.06.2026, 16:00
Оқылды: 14

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ғимаратында облыс әкімі Н.Төреғалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.24.53

Іс-шараға Департамент басшысы М.Байсалов, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызмет ардагерлері және мемлекеттік қызмет саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметшілер қатысты.

Салтанатты жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, халыққа сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.24.53 (1)

Мереке аясында мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д.Жазықбайдың атынан ведомстволық наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, бір мемлекеттік қызметші «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, бес мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.24.53 (2)

Сонымен қатар, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметшілер «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша марапатталды.

Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған «Ана тілім - арым» дәстүрлі облыстық байқауының және мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының жеңімпаздары да марапатталды.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.24.53 (3)

Мемлекеттік қызметті дамытуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Департаменттің бірқатар қызметкеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.24.54

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, адалдығын және қоғам алдындағы жауапкершілігін дәріптеуге бағытталды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале