23.02.2022, 16:45
Оқылды: 122

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өнімділігіне ерекше мән беріледі – Ерлан Әбіл

 Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен еңбек өнімділігіне ерекше мән берілмек. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211029133617666e

«Биыл академия алдында 5 міндет тұр. Біріншіден, KPI жүйесін жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен еңбек өнімділігін арттыру. Яғни биылдан бастап академиялық, зерттеу және әкімшілік мәселелерді өте икемді және тиімді басқаруға мүмкіндік беретін ұйымдық құрылымды оңтайландыру жұмысы қолға алынды. Жедел жұмысты арттыру үшін ректорға тікелей бағынатын жеке құрылымдық бөлімшелер құрылды. Мысалы, құзыреттерді бағалау орталығы және электоралды оқыту орталығы. Құрылымдық бөлімшелердің ережелері қайта қаралып, бизнес-процестер оңтайландырылып, академия қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары нақтыланады», - деді Ерлан Әбіл ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, академия алдындағы екінші міндет білім беру процесінің тиімділігін арттыру. Өндірістен қол үзбей жүргізілетін білім беру бағдарламаларын іске асыру.

«ЕАРАА-да магистрлік бағдарламалардың халықаралық аккредиттеуден өтуді, оқуға қабылдау тәсілдерін жетілдіруді, сондай-ақ үш тілде сабақ беру сапасын арттыруды қоса алғанда, білім беру қызметтерінің желісін кеңейту арқылы қол жеткізілетін болады. Пәндерге арналған цифрлық контентті және iAcademy цифрлық платформасын дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Үшіншіден, филиалдар мен жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнату және оқыту бағдарламаларын әзірлеу арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамыту», - дейді ол.

Одан бөлек, академия ректоры ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қолданбалы зерттеулер институтының жұмысына тартылатынын айтты.

«Зерттеулер мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің проблемаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен этиканы талдауға бағытталатын болады. Сонымен қатар Global Think Tank Index әлемдік рейтингіне кіру бойынша жұмыс жүргізіледі. Және соңғы міндет емлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу жобалық менеджмент саласында мемлекеттік қызметшілерді сертификаттау, бизнес-процестердің реинжинирингі бойынша консалтинг, ассесмент-орталықты өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу арқылы жүзеге асырылады», - деді Е.Әбіл.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале