Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты
2 Маусым 2023

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
2 Маусым 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Мемлекеттік қызметшілердің журналистерге жауап беру мерзімі қысқарады – Дархан Қыдырәлі

Бүгін орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі жазды.

291AED0B-A4E1-4487-B6D2-44CC4885C45D

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл ақпараттық ашықтықты арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейте түспек.

«Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асырылады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету», - деді Д.Қыдырәлі.

Сонымен бірге министр қазір талқыланып жатқан «Масс-медиa»туралы заң жобасының негізгі мақсаты да журналистер мәртебесін көтеру, отандық контентті қолдау және ұлттық ақпаратты қорғау екенін екенін айтты.

Айта кетейік, Астана қаласында мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр.

Шараның ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президентінің Баспасөз қызметі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы және M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале