9.06.2021, 14:27
Оқылды: 192

Мемлекеттік қызметтің 88%-ы электронды түрде көрсетіледі

Бүгін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «ҮЕҰ-ы, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде онлайн режимде семинарын өткізді.

 42374638-1712-474b-805b-79ea0ad85f3b

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталасқа еліміздің белгілі саяси мемлекеттік-қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, мемлекеттік органдардың басшылары мен мәслихат депутаттары, ЖОО басшылары, Орал қаласындағы ҮЕҰ-ң өкілдері, «Nur Otan», ҚХП, «Ақ Жол» «Ауыл» партияларының өкілдері қатысты.

ee39f5e5-d996-4145-8784-92316e86d01e

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – біздер үшін маңызды мәселе болып қала береді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде 2021-2023 жылдарға арналған жаңа жоспар негізінде тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен түрдегі жұмыстар өз жалғасын табуда.

a99bd639-933c-4fbf-96cb-f90f98a1e58b

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтардың барлық сындарлы өтініштеріне жедел және тиімді жауап беру мақсатында облыс әкімі аппаратында өтініштер бөлімі ашылып, фронт офис жұмыс жасауда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Цифрлық мемлекетке көшу» атты екінші бағыты шеңберінде 2018-2020 жылдары облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыруға арналған жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде облыс әкімдігі ұсынатын 172 мемлекеттік қызметтің 151-і электрондық түрде қолжетімді болды. Яғни, аталған бағыттағы көрсетілетін қызметтердің саны 83%-дан 88%-ға дейін артып отыр. Мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «бір терезе» қағидаты негізінде «Ашық әкімдік» алаңдары ұйымдастырылып, Орал қаласы және барлық аудан орталықтарында жұмыс істеуде. Республика бойынша бұл бағыттағы жобаларды іске асыру жағынан біздің облыс бастамашы болған еді. Сонымен қатар ауылдық округтер әкімдіктерінің ғимараттарындағы «Connection point» мүмкіндіктерін пайдалану тұрғындардың аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ қажетті мүмкіндіктерді алуға жағдай туғызды. «Smart City» жобасы аясында тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша жедел әрекет ету мақсатында тәулік бойы жұмыс жасайтын «iKomek109 Uralsk» бірыңғай call-орталығы іске қосылды. Сондай-ақ барлық шұғыл қызметтер үшін қоңырау шалудың бірыңғай нүктесін қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет – 112» жабасы жүзеге асырылды, - деді Б.Нарымбетов.

e41af435-7b67-4843-83d6-c5386369e797

Семинарда сөз алған облыс әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, тұрғындырға ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталып жасалған басқа да шараларға тоқталып, аталған басқосуды ұйымдастырғандарға өз алғысын білдірді.

Аталған басқосуға қатысқан «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Сәлиева өңірде атқарылған істер туралы баяндап, өзекті тақырыпқа арналған осындай басқосулардың маңыздылығын атап өтті.

5ce82305-28ea-4829-a565-799496817292

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында үкіметтік емес ұйымдардың алар орыны ерекше. Бұл ғасыр індетті тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, қоғам өкілдері, барлық халық болып қарсы тұрсақ қана жеңе аламыз. Бүгінгі басқосуда атқарылған істермен танысып, тәжірибе алмасып, көп мағұлмат алдық. Алдағы уақытта да осындай маңызды семинарлар өткізіліп тұрса игі, -деді Ә.Сәлиева.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале