15.03.2017, 10:05
Оқылды: 45

Мемлекеттік сатып алу талаптарын сақтамаған басшы қызметінен босатылды

Chinovnik   Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мереке Зиналиев қызметінен босатылды.


  БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.Зиналиев балалардың жаңажылдық шыршасына сыйлықтарды сатып алу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын бұзған. Атап айтқанда, тиісті мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей, жеке кәсіпкерлермен бір көзден тауар сатып алуға заңсыз келісім-шарт жасаған.

  Еске сала кетейік, М.Зиналиевтің тәртіптік ісі аудан прокуратурасының ұсынысы негізінде бұдан бұрын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО-дағы әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралып, қолдау тапқан болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале