16.11.2021, 12:33
Оқылды: 120

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық қағидаты сақталуы тиіс

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу, медициналық қызметтер импортын төмендету және денсаулық сақтаудың басқа да мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті. Оған облыстағы медициналық мекемелер басшылары мен сала мамандары, сарапшылар, онлайн байланыс арқылы аудан әкімдері қатысты. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков медициналық қызметтер импортының шегінде жаңа технологияларды жүзеге асыруға байланысты жұмыс көрсеткіші туралы айтты. Оның мәліметі бойынша облыста 38 мемлекеттік және 11 жеке меншік медициналық ұйым тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде медициналық қызмет көрсетеді.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 20.04.35 (1)

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінде 1746 дәрігер және 6581 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қарашасына облысқа 94 жас маман келді, 42-ісі ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада 19 маман оқыды. 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада 22 маманға және жоғары медициналық оқу орындарында оқуға 50 талапкерге грант бөлінді. Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында келесі іс-шаралар өткізіледі: облыстың барлық медициналық ұйымдары Enbek.kz порталында ЖАО ұсынатын қолдау жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіле отырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат орналастырды. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан әрбір маманға 1 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақымен: 2020 жылы – 67 маман, 2021 жылы – 30 маман қамтамасыз етілді.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 20.04.35

Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша нәресте өлімі 25,3%-ға төмендеді (көрсеткіш 1000 тірі туылғанға шаққанда 7,4-ті құрады (2020 ж. –  9,9), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 8,1%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 179,83 -ні құрады (2020 ж. –  189,2), қатерлі ісіктерден болатын өлім 1,5%-ға өсті (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 80,6-ды құрады (2020 ж. – 79,4), жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім 8,6%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 51,8-ті құрады (2020 ж. – 56,7), туберкулезбен сырқаттану 3,9%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 34,7-ді құрады, 2020 ж. – 36,1), туберкулезден болатын өлім 33,3%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 1,2-ды құрады, 2020 ж. – 1,8).

WhatsApp Image 2021-11-15 at 20.04.38

– 2021 жылғы 5 наурыздағы денсаулық сақтауды дамыту туралы іс-шаралар жоспарын  атап өтсем. Жабдықтардың жаңа түрлерін сатып алу, диагностика мен хирургиялық араласудың жоғары технологиялық түрлерін енгізу, нейрохирургия, кардиохирургия, офтальмология мамандарын даярлау бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды, – деген Арман Қалибеков медициналық ұйымдарға сатып алынған құрал-жабдық туралы айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту шеңберінде 2021 жылы 3402,7 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер есебінен ауылдық денсаулық сақтау саласына медициналық жабдық сатып алуға 610,3 млн. теңге, «Жедел жәрдем» көліктерін алуға 155,8 млн. теңге, күрделі жөндеу жобаларына және жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтауға 285,7 млн. теңге, модульдік құрылымдарды сатып алуға 662,6 млн. теңге, медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 1688,3 млн.  теңге бөлінді.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 20.04.38 (1)

Кеңес отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев медициналық жабдықтарды сатып алу жайын пысықтап, мемлекеттік сатып алуды ашық әрі әділ өткізу маңызды екенін айтты. «GE Universal Engineering» сарапшысы Ляйля Бекжанова, «SLK-Asia Trade» ЖШС-ның бас директоры Арнұр Сейілханұлы медицина саласындағы олқылықтарды түзету жолын баяндады.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 20.04.36

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале