1.09.2021, 15:49
Оқылды: 143

Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік

Соңғы жылдары мемлекеттік тіл мәртебесі жиі сөз болып, күн тәртібіндегі мәселе ретінде қоғамның қызу талқысына түсуде. Ата Заңымызда да «ҚР Мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екендігі және орыс тілінің халықаралық қатынас тілі екендігі нақтыланса да әлі күнге дейін соны мойындағысы келмейтіндер де бар.

bd9e22d5-9426-4f40-b37a-83f27d5f776e

Халқымызда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар. Әлбетте қазақ тілі ана тіліміз, мемлекеттік тіл. Қазіргідей жаһандану заманында өзге тілді меңгеріп, бәсекеге қабілетті болу керектігін де назарға алуымыз керек. Мемлекет басшысы кезекті халыққа Жолдауында тіл мәселесін шегелеп атап өтті. Ол өз сөзінде: «Қазақ тілі білім мен ғылымның мәдениеттің тіліне айналды. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын азамат қазақ тілін білуі қажет. Орыс тілі – БҰҰ-дағы ресми тіл. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарау керек», - деді. Президентіміздің көрегендігі мемлекеттік тіл мәртебесінің жоғары екендігін айқындап тұр. Өзі айтқандай «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын азамат қазақ тілін біліп», мемлекеттік тілге құрмет көрсетсе тілдің ғұмырлы болатындығына сенімім мол. Сондықтан біз мемлекеттік саясаттың оң жүргізілуіне ықпал етіп, қазақ тілінің өміршең болып қалыптасуына үлес қосуымыз керек.

Айдана Мұханбетова,

Казталов аудан әкімі аппаратының бас инспекторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале