Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Мерейтойлық іс-шаралар басталуда

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 60 жылдығына арналған батыс аймақтық ЖОО мен АОО студенттері құрама командалары арасындағы волейбол турнирі өз мәресіне жетті.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 19.01.47

«Жәңгір хан» спорт клубы ұйымдастырған жарысқа жалпы саны 8 командада 100-ден астам ойыншы қатысты. Атап айтқанда, «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі», «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі», «Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі» (екі команда), «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті», «Гуманитарлық-техникалық колледж», «ҚазИИТУ колледжі» және «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» командалары арасында тартысқа толы ойын өтті.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 19.01.43 (1)

Екі күнге жалғасқан турнир нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды – «БҚИТУ» (жаттықтырушысы Б.Медресов), ІІ орынды – «ОМОРБЖМ» (жаттықтырушысы М.Замодиенко)  (2006-2007 жылғы ойыншылар) командалары иеленді. Ал алаң иелері – «БҚАТУ» командасы (жаттықтырушысы Р.Қуанов) жүлделі І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Иван Визгалин (БҚАТУ) – «Үздік ойыншы», Әлішер Тельманов (БҚИТУ) – «Үздік шабуылшы», Дамир Ниязов (ОМОРБЖМ) – «Үздік байланыстырушы», Данил Сухарев (ОМОРБЖМ) –  «Үздік қорғаушы» аталымдарымен марапатталды.

Жарыстың жабылу салтанатына Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов және оқу орындары спорт клубтарының директорлары, команда жаттықтырушылары қатысты.

Еске сала кетсек, биыл – Жәңгір хан университетінің құрылғанына 60 жыл. Осы мерейтой аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады. Соның ішінде «Жәңгір хан» спорт клубы жыл ішінде республикалық деңгейде қыздар арасында волейболдан турнир және қазақ күресінен спорттық дода ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале