26.01.2024, 12:15
Оқылды: 84

«Мешіттен тағы да неке қиғанын көрсететін сурет жіберді». Салтанат Нүкенованың ағасы тың деректер айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді "Что скажете?" YouTube-арнасына берген сұхбатында көпшілік білмейтін жайттарды айтты.

809ee300-748c-4f83-a837-b229ee5874d0

Фото: Tengrinews.kz

Марқұмның ағасы қарындасы мен бұрынғы күйеу баласы бір кездері екіге кеткенін айтады.

- Салтанатпен 15 қазанда кездестік. Ол кезде Қуандықпен ажырасқан еді. Пәтерге көшті. Өзі жеке пәтер жалдады, барлық затын сонда апарды. Бәрі жайлы, тыныш бола бастады. Төртеуміз менің үйімде жиналдық - әкем, анам, Салта. "Тұрмыста болдың, жетер" деп әңгіме айттық, күлдік. Содан кейін анам Салтамен бірге уақыт өткізу үшін үйіне қонуға барды. 15 қазанда бірге емес еді. Оның жағдайы жақсы болды, - дейді ол.

Оның сөзінше, қарындасы Бишімбаевқа екінші рет мүмкіндік беріп, некесін сақтап қалғысы келген.

- Олар қайта қосылғанын 26 қазанда білдік. Ол мешіттен тағы да неке қиғанын көрсететін сурет жіберді. Біздің отбасымыз үшін бұл "шок" болды. Таңғалдық, - дейді ол.

Сонымен қатар Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде тараған қауесетке жауап берді. Оның сөзінше, Бишімбаев Салтанаттың көлігіне бақылау құралын енгізіп қойған.

- Бұл мүмкін емес (көзге шөп салу болуы - еск.). Құрбылары да мүмкін емес екенін айтты. Ол (Бишімбаев - еск.) оны (Нүкенованы - еск.) бүкіл әлемнен оқшаулап тастады. Барлық уақытта сонымен немесе Bau мейрамханасында болса, қайда, кіммен, қашан?! Құрбылары да жөнді көрмейтін. Ол оның хаттарын, телефонын оқитын, - дейді марқұмның ағасы.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале