1.12.2021, 23:11
Оқылды: 102

Микрохирургиялық оталар Оралда жасалады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Оралдағы «Uniserv Medical Center» көпбейінді емханада болып, жаңадан ашылған ота жасау бөлімінің жұмысымен танысты. 

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.21

Емхана дәрігерлері бөлімдердегі жаңа құрылғыларды көрсетіп, олардың жұмыс істеу жай-жапсарын әңгімеледі.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.21 (1)

Бас директордың бірінші орынбасары Сәуле Бұлқашеваның айтуынша, емхананың 2020-2021 жылдары Жапония мен Германияда шығарылған сарапшылық санаттағы жабдықтармен жабдықталғанын атап өтті. Мұндай жабдықтармен тәулік бойы жұмыс істейтін орталықта  ерекше оталар жасалып, диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Жаңа жабдықтардың өңір түгілі күллі Қазақстанда баламасы жоқ.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.18 (4)

-Батысқазақстандықтар медициналық қызметтің кейбір түрін алу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматыға баруға мәжбүр. Олар квота бойынша өз кезегін ұзақ күтеді немесе  бұл қызметтерді шетелдердегі емханаларда ақылы негізде алады. Енді жаңа жоғары технологиялық жабдықтың арқасында емханамызда қызметтің барлық түрін алуға болады.  Бірегей жабдық микрохирургиялық оталардың  түрлерін жасауға жол ашты. Ондай оталар өңірде тек біздің емханада ғана жасалады. Офтальмологиялық бөлімде витреоретинальдық, көздің торлы қабығы мен шыны тәрізді денесіне ота жасауға арналған   АҚШ-тың «Alcon» фирмасы шығарған «Constellation»  орфтальмологиялық ота жабдығы жүйесі іске қосылған. Ондай жабдық әзірге өңірде тек осы бөлімде ғана бар. Бізде лазер сәулесінің көмегімен «LASIK» әдісімен көздің көруін қалпына келтіреді. Сондай-ақ факикалық көзішілік линзаларды имплантациялау отасы  да жасалады. Бұл 30 диоптрге дейінгі жұқа қабық пен миопиясы бар науқастар үшін хирургиялық түзетудің жалғыз әдісі болып табылады.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.20

Сондай-ақ реанимациялық құрал-жабдықтармен жабдықталған бөлімде төрт төсекке есептелген, науқастарға отадан кейінгі кезеңде барынша қолайлы жағдай жасалған,  – деді Сәуле Бұлқышева.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.19 (1)

Ота жасау бөлімі екі  бөлімшеден тұрады. Ангио-оталық   бөлімше Германияның «Siemens»  өнідірісінен шығарылған  «Artie Q floor» ангиографиялық жүйесімен жабдықталған.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.22 (1)

– Оталар эндоваскулярлық, яғни тамырлардың ішінде жасалады. Ондағы болып жатқан үрдістердің барлығы экранда көрсетіліп, науқастың қан тамырлары жүйесі нақты   көрсетіледі.  Жабдықтың бақылауымен шағын инвазивті оталар жасалады.  Бас терісінің, бет пен мойынның гемангиомалары, ангиокардиография, кеуде және құрсақ қуысының тамырларына, бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық (жалпы) эмболизациясы немесе окклюзиясы, қан тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы, жамбас мүшелері, жатыр артериялары оталарын жасаймыз, – дейді хирург Жасқайрат Нұрышев.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.18 (5)

Медициналық орталықтың гинекологиялық, урологиялық және жалпы ота жасау бөлімшесі Германияда шығарылған «KARL STORZ» эндоскопиялық шағын инвазивті оталар жүйесімен жабдықталған. Гинекологиялық және урологиялық көрсеткіштер бойынша шағын инвазивті диагностика мен терапиялық шаралар  Германияда жасалған «Cios Select»  жылжымалы құрылғымен  жүргізіледі.–Бұл құрылғы ішкі ағзаларға инвазивті отаның барлық түрін жасауға мүмкіндік береді. 4K және 3D эндоскопия бейнетехнологиялары хирургқа ота жасау үшін сапалы суретпен қамтамасыз етеді, қан кетуді бақылайды. Эндоскопиялық оталар денені қандауырмен кеспей, тесік жасау арқылы жасалады. Ота жасалынып жатқан адамның жабық денесінің көрінісі жұқа түтікті эндоскоп арқылы арнайы мониторда көрініп тұрады. Мұндай отаның артықшылығы көп, дәстүрлі оталардан кейінгідей асқынулардың даму қаупі барынша азаяды, науқастың қалпына келуіне уақыт аз уақыт кетеді», - дейді хирург Жасқайрат Нұрышев.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 13.27.22

Емханада жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін клиникалық диагностикалық зертхана, рентген бөлмесі, маммография, УЗИ, эндоскопиялық ,КТ, функционалдық диагностикаға арналған MPT-бөлмесі бар. Тұрғындарға  медициналық көмек көрсету үшін 2021 жылдың сәуір айынан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін стационар іске қосылды.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале