28.07.2023, 14:45
Оқылды: 137

Министрлік елдегі сейсмология саласын дамыту үшін 72,4 млрд теңге сұрап отыр

Қазақстандағы сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бектілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ақша

Ашық НҚА порталында жарияланған жоспарға сай, алдағы 4 жыл ішінде мына жұмыстар атқарылуы тиіс:

- құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту;

- төтенше жағдай аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тиімділік пен жеделдікті арттыру;

- инженерлік, құрылыс және өзге де техниканы, сондай-ақ жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін жұмысқа рұқсаты бар адамдарды тарту;

- жойқын жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайларға ден қою бойынша практикалық дағдылар деңгейін арттыру;

- зардап шеккен халықты қажетті көлемде ауызсумен және шаруашылық сумен қамтамасыз ету;

- жағдайды болжау мүмкіндігін кеңейту;

- зардап шеккен халыққа дәрігерлік көмек көрсету үшін дереу түрде медицина қызметкерлерін тарту, сондай-ақ дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен қамтамасыз ету;

- жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халыққа ақпарат тарату.

«2024-2028 жылдар аралығында жобаны іске асыру үшін 72 млрд 450 млн 120 мың теңге сомасына республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етіледі», - деп қажетті қаражатты көрсеткен Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале