2.09.2023, 12:40
Оқылды: 67

Мирболат Ерсаев: «Қай кезде де ұлт мүддесі тұтастықпен алға асқан...»

Жарқын болашаққа қадам басқан еліміздің бірлігін бекемдеп, ұлы істер жолында ұлтты ұйыстыруды насихаттап отырған Президент Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында жариялаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын мұқият зерделеп тыңдадым.

IMG-20230902-WA0060
Жолданған әр Жолдау, мәлімдеменің өміріміздің сан-саласына серпіліс әкеліп, келешегімізге жоспар сызып, жүрегімізге сенім мен үміт ұялататынына сенім артқан халықпыз ғой. Осынау Жолдаудан бүгінгі күннің мұратымен үндесетін, болашақпен сабақтасатын, халықтың игілігін арттыратын тың бастамаларды байқап отырмыз. Халқымыз әлімсақтан ел билеген хандардың хақ пікіріне жүгінген, байырғы билердің әділ шешімін бойына сіңіріп, «артықша туған азамат, халыққа үлкен бел болар» деп адал басшының соңынан ерген. Елдің еңсесінің тік, мұратының асқақ, мерейінің үстем болуы мемлекетті басқаратын басшы мен оның саясатын жүргізіп отыратын қосшыларына тікелей байланысты екені даусыз. Қолы таза, қанағатшыл, адал, әділ, халыққа жаны ашитын қызметкердің, билік өкілінің, халық қалаулысының әрдайым жұртшылықтың арасында беделінің бекем екендігін күнделікті өмірімізде көріп жүреміз. Саяси мәдениеті жоғары елде әділ сайлау, ашықтық, билікке деген жұртшылықтың сенімі, арандатуға ермеу секілді құндылықтардың қалыптасатынында білеміз. Ал, бұл дегеніміз демократиялық дамуға даңғыл жол ашып, табысты экономикалық өркендеуге серпін беретіні ақиқат.
Мемлекет басшысының бүгінгі маңызды құжатындағы «Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар.Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды», - деген мәлімдемесі кемел келешегімізді ұрпағымызбен байланыстыратын халқымыз үшін жағымды жаңалық екені хақ.
Дүниежүзілік жойқын дағдарыстар әбжыландай шалт қимылдап, дүбірге толы дүниенің апшысын қымбатшылық, жұмыссыздық, инфляция қыспағымен құрсауға алып, жер-жерде террорлық актілер халықтың үрейін ұшырып, рухани тұрғыдан жұтаңдану көріністерінің көңілге қаяу түсіріп отырған уақытында жаһанданудың ықпалында ұлт ретінде жұтылып кетпеудің қамын әр мемлекет ойластырып отырғаны белгілі. Әлемде болып жатырған осынау оқиғалардың тұсында Мемлекет басшысының «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды», - деген сөзі әрқайсымыздың ойымызды дөп басып отыр.
Қазіргі күні бізге жадағай ойдың, жайдақ ұранның емес, тиянақты істің нәтижесі керек. Оған қажетті фактор ретінде бізде халықты топтастырған ауызбіршілік, жарастық, ынтымақ бар. Ешкіммен дауласып, жауласпай, алыс-жақын көршілермен сыйласып, әлемдегі қақтығыстарға бейжай қарамай, бітімге шақырып, бірлігімізді бекемдеп, мемлекеттер арасындағы тыныштыққа атсалысу баршамыздың бұлжымас қағидамызға айналуы керек. Қазақстанды көрші мемлекеттер әлдеқашан берекелі бірлік пен тұрлаулы тірліктің символы деп мойындады. Бүкіл халық болып бір мақсатты ақиқатқа айналдырсақ, бір мүддеге топтассақ, болашаққа бірге қадам бассақ алынбас қамал болмас, ағайын!
Еңбексүйгіш, бауырмал, ақкөңіл, адал да мейірімді халқымыз ұлттық санаға адал болып, әрқайсымыз туған жермізді түлетуге тамшыдай болса да үлес қоссақ ортақ шаңырағымыз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, келешегі кемел болары хақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале