23.09.2022, 12:02
Оқылды: 143

Монополияға қарсы қызмет Ұлттық сертификаттау орталығын тексеріп жатыр

Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу кезінде үстем жағдайды теріс пайдаланды деген күдікпен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20220923_093718

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сәйкестікті растау (сынау, сертификаттау, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді декларациялау) және метрология (өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу) қызметтері нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйіне талдау жүргізді.

Ұлттық орталық үстем жағдайға ие бола отырып, кейбір қызметтердің бағасын көтерген.

Тергеу қорытындысы бойынша Ұлттық орталықтың жоғарыда көрсетілген қызметтерге бағаны көтеру жөніндегі іс-әрекеттеріне тиісті баға берілетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале