8.06.2022, 9:59
Оқылды: 138

Монополияға қарсы орган туралы

2020 жылдың қазан айында елімізде Президентке тікелей есеп беретін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды.

IMG-20220608-WA0006

Елдің барлық өңірлері мен мемлекеттік маңызы бар қалаларында міндеті бәсекеге қабілетті орта құру болып табылатын бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің бөлімшелері жұмыс істейді, бұл экономиканы мемлекет иелігінен алуды, бәсекелестік алаңын өзгертуді, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтарды монополияландыруды тоқтатуды білдіреді.

2021 жылы Қазақстанның мерекелік күндер картасында алғаш рет Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні пайда болды.

2022 жылғы 11 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісінің отырысында, сондай-ақ ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік блок алдында елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа векторларын белгіледі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік міндеттерінің периметріне мынадай міндеттер кірді: кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу нарықтарына, ұлттық компаниялардың сатып алу тәртібіне, Қазақстан экономикасына мемлекеттің қатысуын қысқартуға жаңа тәсілдер әзірлеу.

Адал бәсекелестік Қазақстан экономикасының басты талабы болуы тиіс. Шағын және орта бизнес субъектілерінің еліміздің негізгі салаларына ашық әрі кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету-теңдессіз маңызды.

Агенттік уәкілетті органдармен бірлесіп кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Олардың бір бөлігі бәсекелестікті дамыту бойынша жақында қабылданған заңның негізіне айналды. Атап айтқанда, заңда мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің бәсекелестік қағидаттары, оларды сақтаудың монополияға қарсы мониторингі айқындалған, бірінші кезекте тауар нарығының шоғырлану деңгейі, оны монополияландыру, нарыққа кіру кедергілері, шағын, орта кәсіпкерліктің үлесі, нарық балансы және мемлекеттің қатысу деңгейі ескерілетін талаптар, мемлекеттік шараларды БҚДА-мен келісу өлшемшарттары белгіленген, бәсекелестік заңнаманы сақтау.

Мемлекет үшін бәсекелестік маңызды рөл атқарады.

Тек бәсекелестік халықтың өмір сүру деңгейінің стандарттарының артуына алып келеді, инновацияларды енгізуге ынталандырады, өнімділікті арттырады, инвестицияларды тартады.

Құрметті әріптестер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, сәттілік, бейбітшілік, амандық, монополияға қарсы қызметті дамытуда табыс тілеймін.

Жақсат Мұратов, 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале