31.01.2023, 11:45
Оқылды: 289

Монтаев мықты!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев 2021 жылғы әлемнің үздік ғалымдарының қатарына енді.

WhatsApp Image 2023-01-26 at 12.27.55

Elsevier ғылыми баспасында жарияланған 2022 жылғы 3 қарашадағы соңғы мәліметтер бойынша «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%-ы» рейтингісіне «Болашақ» бағдарламасының үш түлегі енген. Стэнфорд университетінің зерттеушілері жыл сайын библиометриялық зерттеу негізінде үздік ғалымдардың екі рейтингін дайындайды. Оның біріншісінде жалпы өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылады. Ал екіншісінде кейінгі жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған үміткерлер қамтылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Сәрсенбек Әлиакбарұлы екінші рейтингтің белортасынан табылды. Номинанттар Scopus дерекқорындағы жарияланым белсенділігі мен авторлардың дәйексөздерінің жоғары көрсеткіштері бойынша таңдалады.

Жәңгір хан университетіндегі индустриалды-технологиялық институтының директоры, ғалым-ұстаз, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Сәрсенбек Монтаев жыл жаңалығы үлкен мүмкіндікке жол ашатынын айтты. «Бұл – әлемдік ғалымдар қауымдастығына енуге серпін беретін зор қадам. Ғылыми жобаларымды одан әрі жетілдіре түспекпін», – дейді профессор. Көрнекті ғалым С. Монтаевтың отандық ғылымда өзіндік орны бар. 2008 жылы Жапония елінде «Нанотехнология» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғалым әр түрлі салаларға арналған жаңа тиімді композициялық материалдар жасау мақсатында табиғи және техногендік ресурстарды ұтымды пайдалануға ерекше мән береді. Елдегі үздік өнертабыс ретінде бірнеше ғылыми еңбегі патенттелген.

Нұртай Алтайұлы, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале