10.11.2021, 11:25
Оқылды: 101

Мұнай, газ және өзге де қазба өндірісінде теріс көрсеткіштер сақталуда – ҚР ҰЭМ

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев тау-кен өнеркәсібінің негізгі нәтижелерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7

«Тау-кен өнеркәсібінде өсудің оң аймағына шығу байқалуда. Жыл басынан бері сала бойынша өндіріс көлемі 0,1%-ға ғана артты», - деді Ә. Ерғалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр атап өткендей, салалар бойынша өндіріс металл кендерін өндіруде 4,1%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 2,1%-ға, көмір өндіруде – 0,2%-ға өсті.

«Шикі мұнайды, газды және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің әлі де теріс көрсеткіштері сақталуда», - деді Ә. Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі биылғы 10 айдағы еліміздің экономикалық дамуын баяндаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале