4.10.2024, 9:45
Оқылды: 368

Мұнай қайта қымбаттай бастады

E1AF90B5-0A6D-4095-B2E5-537DA80C69F4

Сурет: freepik.com

Қара алтын құны қайта шарықтап жатыр. Кеше баррелі 70 доллардан төмен болған Brent маркалы мұнай бағасы бірден 6 долларға қымбаттады. Ал WTI 72 доллардан сатылып жатыр. Бағаның бірден көтерілуіне Таяу Шығыстағы жағдай әсер етті, - дейді сарапшылар. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Мамандардың сөзінше, Израильге шабуыл жасаған Иранда мұнай өндірісі жоғары. Тәулігіне 3 миллион 700 мың баррель. Қарулы қақтығыстардың кесірінен өндіріс азайса, баға тағы 10-15 процентке аспандауы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале