22.07.2022, 18:14
Оқылды: 226

Мұнайдар Балмолда – Шыңғырлауда

Бүгін Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен "Дән" мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының журналистер және жазушылар одағының мүшесі ақын-жазушы Мұнайдар Балмолдамен "Адамның хикмет кеудесі" атты әдеби сыр-сұхбат кеші өтті. 

IMG_7009

Еркін форматта өткен шараның тізгінін қолына алған Гүлім Болатжан кеш қонағын ортаға шақырып, сөз кезегін Мұнайдар Балмолдаға ұсынды. Ақын-жазушы өзінің өмірлік жолы, шығармашылығы туралы сұрақтарға толық жауап бере отырып, әскерде болған қызықты да жастарға ой салар оқиғаларымен бөлісті.

Табиғатынан әсіресе, қыран, қасқыр және жылқыны жанына жақын, туындыларына арқау қылған Мұнайдар Балмолда сиясы әлі кебе қоймаған "Адамның хикмет кеудесі" атты туындысының жазылу тарихын баяндап, адам мен жануарлар өмірі, тылсым дүниелер туралы, ана тіліміз бен бүгінгі жастардың аяқ алысы  жөнінде сыр шертті.

IMG_6839

Әдеби кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ақын-жазушыға аудан төріне келіп, жастармен әдемі сұхбат өткізгеніне алғысын білдірді. Өз кезегінде шараға қатысқан жастар да көкейінде жүрген сұрақтарына жауап ала алды.
Кеш барысында көпшілікке танымал "Анамның жаққан ошағы","Махаббат бер маған, тағдыр" әндері тыңдалып,  ақын Мұнайдардың өлеңдері оқылды.

Аман Ізмұхан, 

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале