16.05.2023, 12:15
Оқылды: 51

Мұражайдағы кездесу

Орал қаласында Ғ.Тоқай атындағы мұражайда облыстық қоғамдық даму басқармасының  басшысы Нұрділдә Ораз БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен  кездесті.

2fc20c13-9b39-4e0b-b3ab-2045174a3165

Фото: Рафхат Халелов

Этномәдени бірлестік мүшелерімен бас қосқан Нұрділдә Ораз, ең алдымен, Орал қаласында ержетіп, қазақ даласында алғашқы жырларын жазып, тұлға болып қалыптасып, артына мол мұра қалдырған Ғабдолла Тоқайдың мұражайын аралап шықты.

Ашық аспан астында, еркін сипатта өткен кездесуде этномәдени бірлестіктердің жұмысы, алдағы жоспарлары жөнінде  әңгіме қозғалды. Ассамблея мүшелері өздерін толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерін ортаға салды.

– Татар орталығы бізді керемет көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Осы жерде этномәдени бірлестіктердің басшылары жиналып, қоғам үшін өзекті мәселелер мен    ұсыныс-пікірлерін айтты. Олардың бәрін өз құзіретіміздің шеңберінде қарастырамыз, – деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Нұрділдә Ораз.

Гүлжамал Жолдығали,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале