15.02.2021, 16:40
Оқылды: 199

Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Су қоймаларындағы мұздың құрылымы бірдей емес. Мұз бір жерде қалың, басқасында жұқа болуы мүмкін.

C1704229-6308-421E-89EE-C008DE16FCBD

Сондықтан мұз жолдарда, күртік қардың астында, жағалауларда, қамыс арасында, жарқабақтарда, өзендер мен жылғалардың құйылысында жұқа болатындықтан, адамның салмағын көтермейді. Егерде өзен бетінде еріген су болса, ол жерде жүруге болмайды. Мұз бұзылар алдында сарт-сұрт дыбыстар естіліп, мұздың сыртқы түрі өзгеріп, бетіне су шығады.

Көлік мұздың астына түсіп кеткен жағдайда дереу шығып, қауіпсіз жерге баруға тырысқан жөн. Барлық сақтық шараларына қарамастан, мұз жарылып кетсе, үрейге берілмеген дұрыс. Су ағыны жүретін ойықтың шет жағына жылжу қажет. Ойықтың шетіне арқаны тіреп, сол аяқты мұз бетіне шығару керек. Мұз жарылмай, ұстап тұрса, өзен жағасына қарай шалқалап баяу жылжу керек. Құрғақ жерге шыққан соң, тезірек жылынған жөн. Мұз астына түсіп кеткен адамды  құтқару үшін оған белбеу, бауы бар сөмке немесе шаңғы таяқшасын беруге ыңғайлы жерге қарай   жорғалап бару керек. Судағы адам ұсынылған затты ұстап алған жағдайда судан абайлап  шығару қажет.

Мына ережелерді естен шығармаған жөн:

- жұқа, қатпаған мұз бетінде жүрмеу керек;

- мұз бөліктерінде топталып тұруға болмайды;

- мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақын тұруға болмайды;

- қараңғыда мұз үстінде жүру қауіпті;

- мұздан көлікпен өтуге болмайды;

- егер мұздың түсі көгілдір болса, берік қатқаны, ақ түсті болса, беріктігі екі есе төмен.

Мұз үстінде қауіпсіз жүру үшін мұздың қалыңдығы:

- жалғыз адамға 12 см;

- топ болып жүру үшін 15-20 см;

- жоғарыдан төмен қарай сырғанау үшін 25 см;

- жеңіл көлік үшін 35 см жоғары;

- жүк көліктеріне 50 см жоғары;

- трактор өтуге 70 см жоғары болуы қажет.

Ережені үлкендер ескеріп қана қоймай, балаларға да үнемі үйретіп отырғандары жөн.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале