8.12.2021, 10:41
Оқылды: 92

Мұз үстіндегі мықтылар

Спортқа жаны құмар, әсіресе шаңғы, коньки теуіп, хоккей ойнағысы келетін балалар мен жасөспірімдер қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, яғни Мұз айдыны спорт сарайына барады. Аталмыш мектептің негізгі мақсаты  – балаларды, жасөспірімдер мен жастарды қысқы спорт түрлері бойынша дайындау, оқу бағдарламаларын іске асыру.

WhatsApp Image 2021-12-08 at 10.37.28

2001 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмысқа кіріскен спорт сарайында спорттық-бұқаралық іс-шаралар, халықаралық, республикалық жарыстар, көпшілік сырғанаулар және хоккейден әуесқойлар арасында турнир ұйымдастырылады. Осы кезге дейін самбодан әлем кубогі, жастар арасында әлем чемпионаты, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесіне арналған волейболдан, дзюдодан, бокстан халықаралық турнирлер, шорт-тректен, шайбалы хоккейден, ринг-бендиден ҚР қысқы спартакиадалары, чемпионаттары өткізілді.

WhatsApp Image 2021-12-08 at 10.37.28 (1)

Спорт сарайында мұз айдыны, мінбелер, хореографиямен айналысуға арналған зал, шағын футбол алаңы, фельдшерлік-акушерлік пункт, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бар. Шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы және допты хоккей, шаңғы бөлімдері жұмыс істейді. 600-ге жуық адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік туғызып отыр.

Осы кезге дейін шеберлігін шыңдай білген мыңнан астам спортшының 12-сі халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 60-тан астамы «Қазақстан Республикасының спорт шебері» және 100-ден астамы «ҚР спорт шеберіне үміткер». Одан басқа халық­аралық, республикалық додаларда топ жарып, жақсы нәтиже көрсетіп жүргендер баршылық.

Аталмыш мектеп директорының оқу-спорт ісі жөніндегі орынбасары Әсел Ғұсманованың айтуынша, шорт-трек бойынша Нұрберген Жұмағазиев – 2017 жылғы дүниежүзілік қысқы универсиаданың екі  дүркін қола жүлдегері. Анита Нагай 2013 жылы Қытайдың Шанхай қаласында өткен Азия кубогында және 2016 жылғы қысқы жасөспірімдер олимпиадасында, Нұртілек Қажығали Красноярск қаласында өткен дүниежүзілік универсиада да қола медаль иеленді. Әділ Ғалиахметов – Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2019 жылы жасөспірімдер арасында Сахалин қаласында өткен «Азия балалары» қысқы халықаралық спорт ойындарында Есей Ыбыраев 1-орынды, Алина Ажығалиева 3-орынды жеңіп алды.

WhatsApp Image 2021-12-08 at 10.37.27

Мәнерлеп сырғанау бойынша да «Күзгі жарыс», «Мұз жолбарыстары» халықаралық турнирлерінде спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. 2021 жылы қараша айында Өскемен қаласында өткен жастар арасындағы ҚР чемпионатында жаттықтырушы Артур Панихин чемпион атанды. Допты хоккейбойынша облыс құрама командасы 2018 жылы Ульянов қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Биыл ҚР чемпионатында 2004 жылы туған спортшылардан құрал­ған команда жеңімпаз болды. Шаңғы жарысы бойынша да мектеп тәрбиеленушілері түрлі турнирлерде, біріншіліктерде, спартакиадаларда топ жарып жүр.

– Шайбалы хоккей бойынша біздің құрама команда (2008 жылы туғандар) 2018-2019 оқу жылында алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. 2020-2021 жылдардың қорытынды турнирінде 2009 жылы туған спортшылардан құралған команда Қазақстан Республикасы чемпионатында 1-орынды жеңіп алды. Шайбалы хоккей бөлімінің түлегі, 2002 жылы туған Аңсар Шайхмеденов қазіргі таңда «Барыс» хоккей клубының ойыншысы. Шайбалы хоккейді дамыту және көпшілікке тарату мақсатында Мұз айдыны спорт сарайында өткен Қазақстан Республикасының жастар лигасында өңір намысын қорғаған «Ястребы» командасы 3-орынды иеленді. Спорт сарайы осы бағыттағы жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра бермек, – деді Әсел Телманқызы.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале