22.12.2020, 10:37
Оқылды: 102

Мұзда  мұқият  болыңыз!

Су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мұз астынан балық аулауды және қысқы аң аулауды ұнататындардың қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесі бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Мұзда мұқият болыңыз!

Рейд барысында қысқы балық аулау әуесқойларымен мұздағы жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелер жүргізілді. Сондай-ақ балық аулау құралдары дүкендерінің иелерімен оның тұтынушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әрбір сатып алушыға мұздағы қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынамалар таратылды.

 

Р.Шамаков,

Орал  қаласы  төтенше  жағдайлар

басқармасының  қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале