18.05.2021, 17:58
Оқылды: 230

Музей қызметкері құрметке лайық

Әлемде 1977 жылдан бастап 18 мамыр Халықаралық музей күні ретінде тойланып келеді. Бұл атаулы күнді Халықаралық музейлер кеңесі бекіткен. Аталмыш мереке Қазақстанда да аталып өтіледі.

му00

18 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының медиа және ақпарат алаңында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Талшын Анатаевамен онлайн сұхбат өтті.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – Қазақстандағы ең көне мұражайлардың бірі болып табылады.

185 жылдық тарихы бар мұражай қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы өз сөзінде: «Музей – өткен мен бүгінді көз алдымызда байланыстыратын және жас ұрпақты ұлтжандылыққа, рухани, мәдени қалыптасуға тәрбиелейтін орын. Болашақ алдында осындай жауапкершілікті арқалаған сала мамандарына кәсіподақтар атынан үлкен алғыс айтамын», - дейді.
Анатаева Талшын Мәлікқызы 1975 жылы 8 сәуір күні БҚО, Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Экспозиция және көрмені жабдықтау» бөлімінде ғылыми қызметін атқарады. Сонымен қатар, еңбек ұжымындағы кәсіподақтар комитетінің төрайымы болып еңбек етуде. 2020 жылы Атырау қаласында өткен ІІІ республикалық өлкетанушылар форумына қатысып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ұйымдастырылған «Батыс жауһарлары» атты көрмеге БҚО музей қорынан көрме жеткізіп, еңбегі үздік нәтижемен бағаланған болатын.
Еске сала кетейік, бүгінгі күні облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің кәсіподағында 200-ге жуық кәсіподақ мүшесі бар.
Сөз соңында еңбек адамына сүйініш болып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Талшын Мәлікқызы жұмыс күшінің лайықты жұмсалып, лайықты бағалануы жолында қолдау білдіріп, қызметкермен ашық диалог жасай білетін, кәсіподақ бастамаларына белсенді үн қосып, жас болса да, бас бола алған жетекші, Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевқа алғысын жеткізді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале