24.07.2026, 16:35
Оқылды: 8

«Музей мұрасы»: Ишанғали Меңдіханұлының өмірі мен еңбегі жаңа жинақта

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей мұрасы» сериясы аясында қазақтың тұңғыш драматургі, ағартушы, қоғам қайраткері Ишанғали Меңдіханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған алғашқы жинақтың тұсаукесері өтті.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.26.34 (1)

Бұл жинақ музей қорында сақталған құнды архивтік құжаттар, сирек фотосуреттер, мерзімді басылым материалдары және тарихи деректер негізінде дайындалды. Сонымен қатар кітапқа Ишанғали Меңдіханұлының ұрпақтары ұсынған бұрын ғылыми айналымға енбеген құнды мәліметтер енгізілді.

Жаңа басылым – «Музей мұрасы» жобасы аясындағы алғашқы еңбек. Жоба музей қорындағы тарихи мұраларды ғылыми айналымға енгізу, сирек құжаттарды жариялау және ұлттық руханиятқа қызмет еткен тұлғалардың мұрасын кейінгі ұрпаққа кеңінен танытуды мақсат етеді.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.26.26

Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Сафуллин «Музей мұрасы» жобасының маңыздылығына тоқталып, музей қорында сақталған тарихи құндылықтарды ғылыми айналымға енгізу мен ұлт тарихында ерекше орны бар тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау музей жұмысының басым бағыттарының бірі және болашақта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беретінін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.26.34 (2)

Кездесу барысында Ишанғали Меңдіханұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ драматургиясы мен театр өнерінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалып, кітаптың дайындалу тарихы таныстырылды. Сондай-ақ тарихи тұлғаның ұрпақтары өз естеліктерімен бөлісіп, музей ұжымына ризашылықтарын білдірді.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.26.24

Шара соңында қатысушылар кітаппен танысып, тарихи тұлғаға арналған көрмені тамашалап, естелік суретке түсті. Жинақ көпшілікке арналған және оқырман қауымға қазақ руханиятының көрнекті өкілдерінің бірі Ишанғали Меңдіханұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік беретін құнды еңбек ретінде ұсынылды.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.26.24 (1)

Тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, өлкетанушылар, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, Ишанғали Меңдіханұлының ұрпақтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

Ләззат Шағатай,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале