20.09.2022, 19:35
Оқылды: 97

Мьянмада мектепке жасалған әуе шабуылынан кем дегенде 11 бала мерт болды

Орталық Мьянманың Сикайн округінде әуе шабуылдары мен ұрыс қимылдарынан кем дегенде 11 бала мерт болды. Тағы 15 бала із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл - ЮНИСЕФ деректері, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ресурсына сілтеме жасап.

220920184359337e

Бұған дейін гуманитарлық миссияның қызметкерлері мен жергілікті мектеп әкімшілігінің өкілдері армияның демократиялық қозғалыс белсенділеріне қарсы кезекті операциясы кезінде оқу орнына тікұшақтан оқ атылғанын хабарлаған.

Бұл бейбіт тұрғындар қаза тапқан алғашқы жағдай емес. Куәгерлер әскерилерді қарапайым азаматтарды әдейі өлтірді деп айыптап отыр.

«Сарбаздар ауылға келгенде біз бұталардың артына тығылдық. Бірақ, менің ұлымның денсаулығы нашар болғандықтан, ол тек жақын жерге жасырынды. Сарбаздар оны тауып алып, өлгенше сабады. Адамдарды өлтіріп жатқанын өз құлағыммен естідім», - дейді куәгерлердің бірі.

Мьянмадағы әскери әрекеттермен бірге болып жатқан зорлық-зомбылық 2021 жылдың ақпанында басталды. Елдегі билікті әскери хунта басып алған.

Қарсыласудан қанша адам мерт болғаны белгісіз. Халықаралық ұйымдар қаза тапқандардың саны мыңға жуық екенін атап өтті.

Шейіттердің арасында жүздеген бала бар.

Видеодан алынған кадр

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале