21.02.2023, 11:15
Оқылды: 85

Мың алғыс «Жайық Преске!»

Биыл Ақ Жайық өңіріндегі баспасөздің қара шаңырағы – екі облыстық және он екі аудандық газеттің, ақпарат орталығының басын біріктіріп отырған «Жайық Пресс» медиахолдингінің құрылғанына – 20 жыл.

c89d6b8f-24b9-4132-9e1f-b13667d6fdbb

Осынау ширек ғасырға жуық уақыт ішінде «Жайық Пресс» ЖШС талай игі істі жүзеге асырғанын, ауқымды іс-шараларды абыройлы атқарғанын Ақ Жайық жұрты жақсы біледі. Қазіргі таңда да аталмыш медиахолдингтің басшылығы өңіріміздегі ардагерлерді ардақтап, қарияларды қадірлеп, еңбектерін елеп-ескеріп, өнегелі өмір өткелдерін әр кез насихаттап келеді. Соның бір мысалы, мерзімді  басылымдарға жазылу науқаны кезінде «Жайық Пресс» ЖШС  тікелей қолдау көрсетіп, Орал қаласында тұратын қаратөбелік 11 ардагер-ді облыстық «Орал өңірі» газетіне тегін жаздырған болатын. Осы орайда «Жайық Пресс» ЖШС-ның басшысы Табылғали Сапаровқа, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинге және ұйымшыл ұжымына ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Қасиетті қаратөбелік ардагерлердің алғаусыз ақ алғысын қабыл алыңыздар. Ұлт руханиятына елеулі қызмет етіп жатқан «Жайық Пресс» медиахолдингі әлі де биік белестерді бағындырып, ел-жұрттың алғысына кенеле бергей!

 

Амантай Макаров,

 Орал қаласындағы Қаратөбе ардагерлері  қауымдастығының төрағасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале