8.06.2021, 10:12
Оқылды: 227

Нақты іс-қимылдар алгоритмі халықтың әл-ауқатын жақсартады

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партия филиалының 2019 – 2020 жылдары атқарған жұмыстарының қорытындысы және сайлауалды бағдарламаның жүзеге асуы жөніндегі Жол картасының орындалу барысымен облыс тұрғындарын хабардар ету мақсатында тікелей эфирге шыққан болатын.

F7CE27D1-D16F-4BCA-BF61-3C82B4B8E1F1

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша жетекші партияның 1 қалалық 12 аудандық және 27 мыңға жуық партия мүшесі бар. Олардың 35,2% пайызы ерлер, 64,8% әйел азаматтар болса, ондағы жастардың үлесі 29,0% пайызды құрап отыр. Партия мүшелері партияның негізгі күші болып табылатын 241 бастауыш ұйымдарына топтасып, заман ағымына сай жаңашылдыққа бетбұрыс жасау бағытындағы Елбасы тапсырмаларын өңірде қарқынды жүзеге асыруда.

Халықтың көкейіндегі проблемаларды шешу, азаматтардың өтініштері мен тілектерін сапалы қарауды қамтамасыз ету мақсатында партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2019 – 2020 жылдары партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардын 18 мыңнан астам өтініш түскен болса, олардың 66,1% оң шешімін тапты.

2020 жылы елдегі эпид ахуалдың күрделенуіне байланысты, азаматтардың сауалдары арнайы сall-center арқылы және де What’s up, Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы да қабылданып, шұғыл іс-әрекеттер қолға алынды.

Түскен өтініштерге сараптама жасай отырып 2019 жылы тұрғындарды тұрғын үй, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту мәселелері толғандырса, 2020 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктерге, яғни несие төлемдері бойынша сұрақтар мазалағанын көреміз.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі күні бүгінге дейін азаматтарды онлайн форматта қабылдап келеді.

«Nur Otan» партиясы әрқашан халықтың қасынан табылып, мұң-мұқтажын ойлайтын бірден-бір қоғамдық ұйым ретінде игі істерге бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар және балалардың құқығын қорғау мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Облысымызда партияның барлық қалалық және аудандық бөлімшелері «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында биылда карантиндік шектеулерді ескере отырып, шаралар жүзеге асырылуда.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және төсек тартып жатқан зейнет жасындағы адамдарға үйлеріне барып тиісті медициналық көмек көрсету шаралары қолға алынды (9 мамыр мерекесі қарсаңында аталмыш жоба аясында 77 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне құттықтау адрестер мен қатар партияның атынан дәруменді азық-түлік себеттері таратылды. Бұл шараға партиядан 1 миллионнан астам қаражат жұмсалды).

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Арба» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен қоғамдық бақылау тобы облыс орталығындағы 100-ге жуық нысанның, сонымен қатар қоғамдық көліктің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін тексерді. Бұл жұмыс жалғасын табуда.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жедел мобильді топтар құрылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасылардағы балалардың жағдайын монитрингілеу, бұдан әрі тиісті көмек көрсету бойынша қызмет атқаруда.

Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен Орал қаласындағы халықаралық аэропортқа каһарман апамыз Мәншүк Мәметованың атын беру жөнінде ұсыныс ономастикалық комиссиясына жолданды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған шараларға белсенді қатысып, идеологиялық бағытын көпшілік арасында дәріптеуде.

Жылдың басынан бері Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерейлі датаға көптеген спорттық ұлттық ойындар өткізілді, наурыз-сәуір айларында тазалық апталықтары жүргізілді, 1000-нан астам көшет отырғызылды.

Былтыр, пандемия кезінде партияның көмегімен 29 254 облыс тұрғынына 50 000 теңгеден (жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге) көмек көрсетілді, 9 200 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемді пандемия жайлаған қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екендігін атап көрсеткен болатын.

«Nur Otan» партиясы Қазақстанның әрі қарайғы даму басымдықтарын белгілеген саяси құжаттар негізінде  2025 жылға дейінгі мерзімді қамтитын «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Партиялық бағдарлама еліміздің әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралардың тиімді кешенін қамтиды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасын бекітілген болатын. Жиырма басымдықты айқындап, барлығы 92 іс-шараны атқаруды көздейтін бұл құжат облыс тұрғындарына қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы тұрақты дамуға қол жеткізуді көздейді.

Жоспарда қала тұрғындарының сұраныстары екшеленіп, түрлі салалар бойынша бес жыл ішінде қол жеткізілетін нақтылы көрсеткіштер тізбегі түзілді.

Халықтан түсіп жатқан өтініштердің басым бөлігі баспанамен қамту мәселесін қозғайды. Бұл бағытта облыста тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырып, алдағы бес жыл ішінде іске қосылған тұрғын үйлердің үлесін қосыша 2 млн. шаршы метрге немесе 8 мың отбасын баспанамен қамту көзделген. Биылғы жылдың өзінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,9 мың пәтердің құрылысы басталды, бұл үйлердегі пәтерлер несиелік және жалға беру тәсілімен сатылымға шығарылады. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін әлі де ұлғаймақ.

Сонымен қатар, короновирус індетіне қарамастан, білім беру саласыныың нысандарының құрылысы да қарқынды бастау алуда. Қазіргі кезде өңірімізде 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы, 2025 жылға дейінгі мерзімде 11 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл шаралар 150 мың оқушы мен 18 мың мұғалім үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Денсаулық сақтау саласында да ауқымды жобалар қолға алынып отыр. Биылғы жылы 1 денсаулық сақтау нысанының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілсе, алдағы 5 жыл ішінде 50 медициналық ұйымның құрылыстары қолға алынбақ.

Бұл жұмыстардың барлығы «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы әзірлеген Жол картасында бекітілген. Межеленген міндеттердің орындалуын партиялық бақылау комиссиясы, партияның мәслихаттағы фракциясы, қатардағы партия мүшелерінің тұрақты қадағалауында.

Енді орындалуы барысы фракция отырыстарында және партия алаңдарында тыңдалып, атқарылған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жарияланып отыратын болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале