27.02.2024, 16:45
Оқылды: 31

Намаз уақыты қалай өзгереді?

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

ЖП MESHIT

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді.

53688d0a-75e0-4a61-a863-3baf3c5706e0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады.

Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале